Бір кісі қатты күйінген күйі Имам Садыққа (а.с.) келіп: – Кедейшіліктің зарын тартқан мендей-ақ болар. Көбірек рызық берсін деп Аллаға дұға етіңізші? – депті жалынып.
Сонда Имам тұрып: – Жоқ! – депті, – саған ешқашанда бұндай дұға ете алмаймын! Әлгі кісі күтпеген бұндай жауапты естігенде: – Неге? – деп сұрапты.
Сонда Имам Садық: – Бұл мәселеде Алла тағаланың өзі жол көрсетпеді ме? «Рызық-нәсібелеріңді жатпай-тұрмай іздеңдер, табыңдар!» деп бұйырмады ма?
Ал сен болсаң үйде жатып алып дұға жасай салып рызық-несібем маған өзі келсін дейсің. Осы да жөн бе?! – деп ұялтқан екен.