Барлық аурудан – бір дұға

Барлық аурудан – бір дұға

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген. Сондықтан төменде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінен аурудан айығу мен алдын алу үшін бірнеше кеңес берілген. Алайда ол дәрігер мен дәрілерге жүгінбеу керек деген сөз емес.

Біріншіден, тым тойып тамақтанбаңыз. Аса тойып тамақтану денсаулығыңызға да, жан-дүниеңізге де зиян. Ауырып қалсаңыз, көкөністер мен жемістерді, дәнді-дақылдарды көбірек тұтыныңыз.

Екіншіден, күнделікті ас мәзіріңізге бал мен қара зирені (черный тмин) қосыңыз. Олар көптеген аурудан айықтырып, олардың алдын алуға көмектеседі.

Үшіншіден, дұға етіңіз. Кез келген аурудың емі Алладан. Аурудан айығу үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай жасаған: ауырып тұрған жерге қолды қойып үш рет «бисмилләні» айтып, жеті рет мына дұғаны оқыңыз: «Ағузу билләһи уә қудрәтиһи мин шәрри мә әжиду уә ухәзиру». «Мен өзім сезініп, қорқатын нәрседен құтылу үшін Алла мен Оның құдіретіне жүгінемін».

Алла адамға кез келген қайғы, мұңды, қиыншылықты, ауру-сырқау мен қуанышты сынақ үшін жібереді. Ол – Құдіретті, барлығын да Білуші және Беруші.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (25)

Оқи отырыңыз: