10 келеңсіз ой: шайтанның түрткісін қалай анықтауға болады?

10 келеңсіз ой: шайтанның түрткісін қалай анықтауға болады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біз шайтанды анық ести алмаймыз. Тіпті оның бізге қай тілде сөйлейтінін және оның дауысының қандай екенін де білмейміз, бірақ оны көкейімізде үнемі естіп жүреміз.  

Алла Тағала былай айтқан: «…Сондай адамдардың көкейлеріне салатын» (114:5).

Ғылым мен Шайтан

Психотерапияда когнитивті-мінез-құлық  терапиясы деген атаумен танымал бір бағыт бар. Аталмыш терапияның негізгі идеясы адамның сенімі және қисынсыз немесе қолайсыз ойларынан туындайтын психологиялық мәселелер мен жүйке-психикалық жүйенің бұзылуында, сондай-ақ, оның ойлауының дисфункционалды таптаурынын өзгерту арқылы бұл мәселелерді шешуге болады. Мысалы үшін, қанша мәрте сұхбаттасудан өтсеңіз де жұмысқа орналаса алмай жүрсіз делік. Бұл жағдайды жеткізудің бірнеше тәсілі бар, оның әрқайсысы түрлі эмоцияда өтеді.

Сыртқы ынталандырма

Ойлар

Эмоциялар 

Сәтсіз сұхбаттасу

Мен жолы болғыш емеспін

Уайым мен қапалану

Сәтсіз сұхбаттасу

Бұл жұмыс беруші мұсылмандарды жақсы көрмейді

Ашу

Сәтсіз сұхбаттасу

Осы жолы дұрыс дайындалмадым, келесі жолы жақсы дайындалып келемін.

Үміт

 

Бұл теорияның бір қызығы – ойлар өздігінен туындап отырады, яғни ойларды әдейі ойлауға тырыспаймыз. Осынау ойлар біздің түйсігімізде ерікті түрде бірқатар ой үдерісін туындатып отырады.

Көбінесе біз бойымызда пайда болатын эмоцияларды ғана сеземіз де олар туындататын ойлар төңірегінде мүлде ойланып жатпаймыз. Бұл жайт сіздерге таныс па? Міне, шайтан дәл осылай түрткілейді.

Шайтанның түрткісін қалай анықтауға болады

Бұл ойларды қалай танып-білуге болады? Ең алдымен, Алла бізді шайтанның түрткісінен қорғасын деп көбірек Оған дуа жасау керек, ал бұл жағдайдағы ең жақсы дұға – таң және екінті намаздарында оқылатын соңғы екі сүрелер. Сондай-ақ, сізді келеңсіз эмоциялар мен ойлар мазалай берсе, Аллаға жалбарынып, Одан пана іздеңіз. Алла Тағала былай айтқан: «Егер шайтаннан саған бір түрткі болса, сонда Аллаға сиын. Өйткені Ол, толық естуші, өте білуші» (7:200).

Енді мұны психотерапевтердің қалай түсіндіретінін көрейік. Олар кенеттен туатын келеңсіз ойларды он кейде одан да көп санатқа жіктейді.

Түрткілеу сәтін дөп басу үшін, бізге өз ойларымызбен жұмыс жасауды үйрену қажет. Мұны қағаз бетіне түсіріп отырған жөн. Ал содан кейін бұл ойларды тиімді түрде талдап отырған абзал.

Қарапайым жайттарға кенеттен туындайтын 10 келеңсіз реакция.

«Бәрі немесе ештеме» деп  ойлау

Ақ-қара түстерде қабылдау. Шектен шығу.

(қанағаттанарлық бағаға деген реакция) Мен өте жаман студентпін.

Шамадан тыс жалпылау

Бір-екі жайтқа ден қойып, осыдан жалпылау жасау

(күйеуі жұмыстан келе жатып жолда кідіріп қалды) Сен үнемі кешігіп жүресің!

Ментальді сүзгі

Жағымды тәжірибені ескермей, тек жағымсызға көңіл қою

(күйеуінің жұмыстан уақытында келуін көзге ілмеу)

Жағымды тәжірибенің құнсыздануы

Жағымды тәжірибені мардымсыз ету

Кеше футбол көру үшін жұмыстан ерте келгенсің

Шұғыл шешім шығару

Келеңсіз болжамдар жасау немесе өзге адамдардың «ойын оқу»

Менің қолымнан келмейтінін білгенмін. Оқытушылардың мені ақымақ студент деп есептейтінін білемін.

Арттыру немесе кеміту

Қолда бар ресурсты бағаламау немесе асыра бағалау

(Қолда бар уақыт мүмкіндігіне қарамастан) Бұл еңбекті уақытында жазып бітіруге үлгермеймін.

Эмоционалды пайымдау

Өз ойын эмоциямен ақтап алу

Егер саған ашулы болсам, сенің бір нәрсені дұрыс жасамағаның.

Мен міндеттімінлар міндетті

Өзіне немесе өзгеге шамадан тыс жауапкершілік арту

Барлық емтиханды сәтті тапсыруға міндеттімін

Таңбалау

Белгілерді ілу

Сенің жолың болғыш емес

Дербестендіру

Өзін сәтсіздіктер мен қиындықтардың қайнар көзі деп білу

Менің баламның сабақ оқымайтынына мен кінәлімін.

 

Жоғарыда айтылғандардың бәрі шайтанның қаруы. Кейбір санаттың сізге қатысы бар екенін байқаған да шығарсыз. Келеңсіз ойларыңызды қағаз бетіне түсіру арқылы қай ойларыңыздың сіздің нағыз жауыңыз екенін біле аласыз. Әр кез сізді әлдебір түсініксіз эмоциялар мазалайтын болғанда, оларды қағазға жазып, осы сәтте сізде қандай ойлардың туындайтынын талдап отырыңыз. Қаншалықты қисынсыз болып көрінгеніне қарамастан бәрін жазып отырыңыз. Содан кейін оның жоғарыда көрсетілген жағымсыз он санаттың қайсысына жататынын анықтаңыз. Осыны жасап болған соң, жағымсыз ойды тиімді жағымды оймен алмастырып, сіздің жағымсыз ойыңыздың бір жылы жақсы сезімге айналып бара жатқанын бақылаңыз.

Бірнеше тәжірибеден кейін сіз өзіңіздің кенеттен пайда болып отыратын ойларыңызды ауыздықтап отыратын боласыз да олардың туындауы сирей бастайтын болады.

Жағымсыз ойларды өзіңізге бағындырған сәттен бастап, олардан қорғай гөр деп Алладан көмек сұрау жеңіл болады.

 

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: