Абу Саид әл-Худри (р.а.) келтірген риуаятта былай айтылған: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) ыдыстың кетік және сызат түскен жағынан ішуге, сондай-ақ, ыдысқа үрлеуге тыйым салған» (Абу Дәуд, Ашриба, 3722).
Аталмыш риуаятта кетік не болмаса сызат түскен ыдысты пайдалану харам болып табылады дегенді білдірмейді. Бұл жерде мұндай ыдыстарды қолданбау дұрыс екендігі айтылған, сонымен қатар, заманауи дәрігерлердің айтуынша, керамикалық ыдыстың кетік жерлеріне адамды әртүрлі дертке шалдықтыратын ауру тудыратын түрлі бактериялар жиылады. Сондай-ақ, мұндай ыдыстарды қолданудың қарапайым қолайсыздығын естеріңізге сала кетейік: ыдыстың кетігі арқылы ішіндегі сұйықтық сіздің киіміңізге төгіліп кетуі немесе сызат түсіп тұрған ыдыс қолыңызда тұрып-ақ сынып кетуі әбден мүмкін.
asyldin.kz