Сын көтере аласыз ба?

Сын көтере аласыз ба?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сын мен ескерту – біздің ең осал тұсымыз болып табылады, әсіресе, оны күтпеген сәтте бөтен адамдардан еститін болсақ одан ары ашуға беріліп кетеміз. Сынап-мінейтіндер көбіне назданып жатпай-ақ бірден «тисе таяққа, тимесе бұтаққа» деп ішіндегісін ақтарып қарап тұрады. Көбіміз өзімізге қаратып айтылған ескертпені көзге ілмесек, ал кейбіреуіміз белсенді түрде қарсыласа кетеміз.

 

Реттейміз!

Не себепті, қандай сарында келесі ескертпенің жасалатынын біз реттеуге ерікті емеспіз, бірақ Қиямет күнін есімізде сақтай тұрып, өзімізді және өзіміздің реакциямызды ұғынуға тиіспіз. Әдетте жасалған ескертпені сырт бейнемізбен эмоционалды түрде көрсетіп қоямыз – таңғаламыз, екіленіп кетеміз, шарт та шұрт боламыз немесе, керісінше, томсырайып қаламыз. Мұндай мінез-құлық біздің ішкі жан дүниемізден келіп жетеді: Бұл қалай? Неге мен? Мені үйрететіндей бұл кім соғыршама? және тағы да басқа сұрақтар көкейімізге орала кетеді.

Бұған таңғалатын ештеме жоқ. Біздің нәпсіміз бізге қарсы келгенді мүлде құптамайды да қаламайды. Сондықтан ол агрессия, дөрекілік, реніш сияқты мүмкін болар барлық қорғаныс түрлерін бетке ұстап шыға келеді. Сөзсіз, нәпсі өз тыныштығын қорғай жөнеледі.

Өмірде әр нәрсенің өз қажеттілігі бар. Айқын немесе жасырын түрде болсын қажеттілік бар. Ол Алланың жазуы. Сол себепті біз қаламасақ та бізге орынсыз ескертпелер жасалып жатады, демек, бұл Алланың қалауы. Біздің қолымыздан келетіні тек қана шүкір айту. Бізге ескертпе жасаған адамға алғысымызды білдіру,  ал Аллаға бізге осынау сабақты бергені үшін жанымызбен шүкір айту. Осылай жасау арқылы біз:

 

1) Нәпсі реакциясына тосқауыл қоямыз.

Егер айтылған сынға біздің алғысымыз бірінші болып айтылса, нәпсі біздің эмоциямызды бұрқ еткізуге үлгере алмай қалады да біз байсалды қалпымызды сақтап қаламыз. Бұл дегеніміз, Қиямет күні өкініп қалардай сөз айтып немесе әрекет жасамайтын боламыз. Эмоцияға берілмесек біз жасалған ескертпенің сарыны мен түріне мән бермей тұрып оның орынды айтылғаны туралы сәйкесінше пайымдай алатын халде боламыз.

 

 2) Алланың Жомарттығымен шектесеміз.

Сын үшін Аллаға білдірген біздің шүкірлігіміз әлдебір белгі ретінде даму болуы мүмкін. Мысалы үшін, бір беделді білгір адамның сөзіндегі ескертпе  мәселесін нақтылауға бел будық делік. Нәтижесінде, қозғалған тақырып бойынша біз қосымша терең білім алуымыз мүмкін, осылайша, өз көзқарасымызды кеңейтіп, дамуымызға жаңа бір серпіліс аламыз. Бұл Алла Мейірімінің артуы болып табылады. Қасиетті Құранда былай айтылған: «Сол уақытта Раббыларың: “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады» (14:7).

 

3) Сыншыны қарусыздандырамыз.

Егер сыншы қатулы болса, біздің сыпайылығымыз оның екпінін су сепкендей басып тастайтын болады. Ал егер сыншы оң көзқарастағы адам болса, онда біздің алғыс сөздеріміз жағымды диалогты бстауға мұршат береді. Мүмкін мұның соңы жақсы таныстыққа ұласар, кім білсін? Бұл да Алланың мейірімі болады.

 

Ескертуден сабақ алу

Біз өмір, тіпті өзіміз туралы да білетінімізден білмейтініміз көп. Сол үшін де Алла Тағала бізді кішкентай балалар сияқты өмір бойы жетелеп жүріп, ненің пайдалы, ненің маңызды екенін көрсетіп отырады. Біздің сынағымыз Алланың ұйғарымдарын жіберіп алмай, дұрыс әрекет ету және аянбай күш-жігер жұмсауда болып табылады. Осы мағынада бөтен біреулердің бізге жасаған сыны мен ескертпесі көрнекті үлгі болуы мүмкін. Олардың біздің нәпсімізге қолайсыз әрі жағымсыз сыны төзімділік танытуымыздың үлкен сабағы болмақ. Өйткені эмоциямызды тежеп, ескертпеге қысқаша «рахмет» деп айту екінің бірінің қолынан келе бермейтін нәрсе. Алайда ескертпе де, біздің оған берілген дұрыс жауабымыз да – көп пайда әкелуі мүмкін. Оны өз нәпсісін ауыздықтап, кез-келген жағдайда Өзінің пенделеріне шынайы қайыр беретін Алланың қалауын көре білетіндер ғана қол жеткізе алады: «…(Әй мүміндер!) Сендерге сүйкімсіз болса да соғыс парыз қылынды. Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Алла (Т.) біледі, сендер білмейсіңдер» (2:216).

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: