БҰҰ Қытайдың мұсылмандарды қыспаққа алуын тоқтатуын талап етті

БҰҰ Қытайдың мұсылмандарды қыспаққа алуын тоқтатуын талап етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Синьцзян шет аймағында тұратын ұйғыр азшылық этникалық өкілдері қамалатын «қайта тәрбиелеу лагерлерін» Қытай тез арада жабуы тиіс. Бұл жөнінде нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі БҰҰ Комитетінде мәлімдеді.

Сарапшылардың бағалауынша, бүгінгі күні аталмыш лагерлерде «он мыңнан бастап миллионға жуық ұйғырлар» қамауда отыр.

Айта кету керек, бұл лагерлерде мұсылман ұйғырлар толықтай өз діндерінен бас тартып, коммунистік партия билігін «жан-тәнімен жақсы көруге» мәжбүрленуде. Дегенмен, Қытайдың СІМ БҰҰ барлық айыптарынан үзілді-кесілді бас тартуда, СІМ өкілдерінің айтуынша, аспан асты елінде «қайта тәрбиелеу лагерлері» деген мүлде жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, ҚХР көлемі жағынан ең ірі аймақтық-әкімшілік бірлігі болып  табылатын Синьцзян шет аймағында 47 ұлттың өкілдері өмір сүріп жатыр, солардың басым көпшілігі ислам дінін ұстанушы ұйғырлар болып табылады.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: