Чехияда Еуропа өркениетіне төнген басты «мұсылмандық қатерді» атады

Чехияда Еуропа өркениетіне төнген басты «мұсылмандық қатерді» атады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка мемлекеттерінен мұсылмандардың заңсыз жосуы – қазіргі таңда христиан діні құндылықтарына негізделген Еуропа өркениеті алдында тұрған қатерлердің бірі болып табылады.

Бұл жөнінде Прага телеарналарының біріне бірген сұхбатында Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш мәлімдеген.

Оның айтуынша, Чехия «Африка немесе Таяу Шығыстағыдай өмір сүргісі келмейді».

«Егер Франция, Нидерланд немесе Бельгия «Ислам мемлекеттерінен» көп жақтастары болғанын қалайтын болса, бұл – олардың жеке ісі», - деп атап өткен саясаткер.

Сондай-ақ, Бабиш Еуроодақтың ішкі шекараларын нығайту және Африкадан Еуропаға өтуге тырысатын босқындармен күресуде Ливия үкіметіне көмектесу мәселесін де тілге тиек етті.

Саясаткердің айтуына қарағанда, Еуроодақтың басты міндеті - Ливияның саяси және экономикалық жағдайын тұрақтандыру болып табылуы тиіс.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: