«Ливерпуль» командасының жартылай қорғаушысы Садио Мане кезекті ойыннан кейін жергілікті мешіттердің бірі Аль-Рахмаға барып, әжетхананы тазалауға көмектеседі екен.
Танымал спортшының мұсылман ғибадатханасындағы әжетхананы тазалап жүргені бейнеленген бейнеролик The Sportsman Twitter-аккаунтына жарияланған. Мұсылман футболшының шелекті суға толтырғаны, ал кішкене ұлдың арнайы құрылғымен әжетхана еденін жуып жатқан көрінісі әлеуметтік желілер қолданушыларын тәнті етті. Түсініктеме берушілер Маненің бұл мешітке жиі келетінін атап өткен.
Айта кету керек, 26 жасар сенегал шабуылшысы Англия чемпионатының төрт матчында төрт гол соғып үлгерген. Маненің жылдық жалақысы 5,3 млн еуроны құрайды, ал ойыншының трансферлік құны шамамен 70 млн еуро.
asyldin.kz