Нидерландыдағы мұсылмандардың көптеген наразылық акцияларынан кейін Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) келемеж суреттеріне арналған "байқау" өткізілмейтін болды.
Естеріңізге сала кетсек, бұл даулы шараның бастаушысы өзінің радикалдық көзқарастарымен танымал голландық парламентарий Герт Вилдерс болып табылады.
Ресми түрде байқаудың өтілмейтіндігі туралы мәлімдемені депутат әлеуметтік желілердегі өзінің парақшасына жариялаған болатын.
Негізі, аталмыш байқау қарашада өткізілуі тиіс болған әрі бірінші орын алған адамға берілетін сый ақы көлемі 8,5 мың еуроны құраған.
Айта кету керек, мұндай байқаулардың өткізілуіне Пәкістан үкіметі де өз қарсылығын танытқан, олар қыркүйек айында өткізілетін БҰҰ Бас ассамблеясында исламофобия мәселесін көтеруге ниетті екендіктерін білдірді.
asyldin.kz