Берекеттің ұмыт болған бір қайнар көзі

Берекеттің ұмыт болған бір қайнар көзі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Хижама» сөзі арабтың «хажим», яғни, «сору» деген мағынасын білдіреді. Бұл ағзадан уытты шығарудың медициналық тәжірибесі. Кесілген жерден ваккумдық сорумен қан алу арқылы зиянды заттар шығарылады. Бұл көптеген аурулардың алдын-алу және ағзаны тазартудың қауіпсіз және ішке енгізілмей жасалатын әдісі.  Хижаманы дененің кез-келген бөлігіне жасауға болады, адамның денесінде хижама жасауға анағұрлым тиімді саналатын 6 нүкте бар және осы 6 нүктеге хижама жасау арқылы жүрек-қан тамырлары жүйесін толықтай тазартып шығуға болады.

Хижама Алла Елшісінің (ﷺ) аурудан құтылудың ең жақсы құралы ретіндегі сүннеті болған. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Сендер үшін емделудің ең жақсы құралы қан алдырту болып табылады».

Хижаманың құндылығы көптеген ғылыми зерттеулермен дәлелденген. Хижаманы көбіне көктамырдан қан алғызумен шатастырады, ал хижама дененің нақты бір жеріне сызат түсіріп, сол жерден қанды сору арқылы  жасалады. Хижама жасар алдында дененің хижама жасалатын жері дезинфекцияланады. Металдан, әйнектен не болмаса пластиктен жасалған құты «жабысып» қалу үшін денеге нығыздалып қойылады. Әдете құты денеге мықты жабысып қалуы үшін ыдыстың ішіне қағаз жағылатын. Бүгінде ол үшін вакуумдық сорғы қолданылады.

Қанды көргеннен бастары айналатын адамдарды олардың денесін кесіп, одан қан шығару үдерісі қорқытатын болады. Алайда денені кесу сондай терең болмайды, терінің  үстіңгі деңгейінде болады, адамдардың көбі бір сызат түскендей ғана сезінеді. Дегенмен, бұл үдерісті осы саланың маманы жүргізуі керек.

Алла Елшісі (ﷺ) адамдардың ең жақсысы әрі ол көркем өнеге болып табылады, оның сүннетін ұстану арқылы біз Аллаға бір қадам болсын жақындаймыз әрі көптеген берекеге кенелеміз. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім бір сүннетті жандандырса, сол оны жақсы көргені, ал кімде-кім оны жақсы көрсе, онымен Жұмақта бірге болады» (Тирмизи).

Хижаманы қай күндері жасау туралы Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім айдың он жетінші, он тоғызыншы немесе жиырма бірінші жұлдызында қан шығартса, бұл оның барлық дертіне шипа болады!» (Сунан Маджа).

Мүміндер хижаманы Алла Елшісінің (ﷺ) сүннеті ретінде жасайды, сонымен қатар, оның пайдасы мен құндылығын алады.

Хижама:

• Ағзадағы тоқырауды тазартып, энергияны арттырады;

• Аурулардың алдын-алады;

• Ас қорыту жүйесінің ауруларын, буын және бұлшық ет ауруларын емдейді, демікпемен, тері мәселесімен, бедеулікпен және басқа да ағзаны уыттайтын аурулармен күреседі.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: