Намаз қабыл болу үшін

Намаз қабыл болу үшін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз оқу – аса маңызды амал және оның өзіндік ерекшеліктері бар. Намаз оқығанда дауысты қатты да шығармай не болмаса әрең есілетіндей шығаруға болмайды. Намазды орта дауыспен оқыған абзал.

Күндердің күнінде Алла Елшісі (ﷺ) сахабалардың бірінің дауысын қатты шығарып намаз оқығанын байқап қалып, былай айтады: «Намаз оқуда осылай дауыс көтеру қажет деп ойламаңдар – бұл артық нәрсе, өйткені Алла Тағала сендерге сендердің өздеріңнен де жақын».

Намазды оңашада оқыған кезде өзіңді еститін дәрежеде ақырын оқыған жөн. Қасиетті Құранда Алла Тағала қабыл ететін намаздар жұмсақ әрі ақырын дауыспен оқылуы тиіс деп айтылған. Ал құлшылық етуші адам барлық жағынан, яғни рухани және тән жағынан таза болуы керек. Сөзсіз, ол намазды таза, былғанбаған жерде оқуы тиіс. Оқылған намазды Алланың қабыл етуі үшін, міне, осы екі міндетті шарт орындалуы қажет. Қарнын рұқсат етілмеген, яғни адал жолмен табылмаған асқа толтырып алып, кір жайнамазға тұрып оқыған адамның намазы қабыл болмайды.

 Омар хазірет (р.а.) осы жөнінде былай айтқан болатын:

– Егер сіздің тәніңізде рұқсат етілмеген нәрсе болса әрі осыған дейін сіз адал ас жемесеңіз, онда өз намаздарыңыздан ләззат алудан қаласыз.

 Бір күні Анас есімді бір сахаба Пайғамбарымыздан (ﷺ) былай сұрайды:

– Уа, Алла Елшісі (ﷺ), мен оқыған намаздарымды Алла Тағаланың қабыл еткенін қалар едім, осыған қалай қол жеткізуге болатын жолдарды айтпас па екенсіз?

– Бұл нығметке қол жеткізудің бір-ақ жолы бар – адал жолмен қаражат тап, адал киім ки және адал ас іш. Кімде-кім рұқсат етілмеген адал емес киім киіп, адал емес ас ішер болса, оның тіпті нәпіл намаздары тек қырық күннен кейін ғана қабыл болады! Сондықтан намаздарымызды Алланың қабыл етуі үшін, біз улы жыланнан қашқандай рұқсат етілмегеннен (харамнан) бойымызды аулақ ұстауымыз керек.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: