Байзақ ауданындағы «Байзақ баба» мешітінде Жамбыл облысы әкімдігінің оңалту орталығы бастығының орынбасары Қултаев Сержан Паримұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты ауыл имам-молдаларының жиналысы өтті.
Кезекті жиналыста сөз алған Қултаев Сержан мырза жат ағымдармен күресу жолында имам-молдалардың сапалы түрде белсеңділік танытып, ауызбіршілікте қызмет етуге шақырды. «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажы жат ағымдардың алдын алу мақсатында жұмыстардың атқарылып жатқанын айта келе, ауыл имам-молдаларына жүйелі түрде тақырыпқа сай бесін, ақшам намаздарының алдында немесе кейін уағыз – насихатты айтуға, жат ағымда жүрген бауырларымызбен жеке кездесіп, ислам дінінің құңдылықтары жайында, бұл дін бейбіт дін екенін жеткізе отырып салт дәстүрімізді насихаттау керектігін айтты.
Байзақ ауданы