Қасиетті жұма күні орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Әйелдер-қыздар» секторының ұстаздары Үсенова Зейнеп пен Алдасаева Гүлжанның ұйымдастыруымен «Мектеп сөмкесі» қайырымдылық шарасы өтті.
Шара барасында мешіттен көмек сұрап келетін мұқтаж отбасылар тізімінен 11 оқушы шақырылып, жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар толтырылған сөмкелер тарту етілді. Орталық мешіттегі бұл қайырымдылық акциясына мешіт шәкірттері де өз үлесін қосып отыр.
Игі шарада орталық мешіттің ұстаздары Үсенова Зейнеп пен Алдасаева Гүлжан бүлдіршіндерге ақ баталарын беріп, сыйлықтарды өз қолымен табыс етті.
Айта кетейік, бүгінде бұл шара бұқаралық сипат алып, «Мектепке жол» атауымен еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып келеді. Жамбыл облысының барлық аудандары да осы жобаға өз үлестерін қосып, оқушыларға мектеп формасы мен сөмке толы құрал-жабдықтар тарту етіп, қуаныш сыйлауда.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі