ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен еліміздің барлық мешіттерінде «Мектепке жол», «Бір баланы киіндір» республикалық қайырымдылық акциялары өткізілуде.
Осыған орай, Қордай ауданы бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті.
Мектепке дайындық науқанында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жалғызбасты және қамқоршысынан айырылған 58 отбасыға мектепке қажетті құрал-жабдықтарын толығымен қамтамасыз етілді. Акцияға ауданға қарасты ауылдық мешіттер атсалысып, мектеп формасы мен оқу-құралдары жабдықталған мектеп сөмкесін үлестірді.