Құрбан айт – Алланың разылығына жеткізетін амалдар жасайтын мұсылмандардың ең қасиетті, ұлық мерекелерінің бірі. Құрбан айттың тағы бір ерекше тұсы бар ол – құрбандық шалу және шалынған құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру. Сол арқылы оларға қуаныш пен шаттық сыйлау.
Жылдағы үрдіске сай Жамбыл облысы бойынша Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекенің негізгі жөн-жоралғыларын атқаруда орталық «Һибатулла Тарази» мешітінен бастап, барлық қалалық, аудан, ауыл мешіттері де жақсы нәтижелер көрсетті.
Жалпы облыс бойынша, 63 ірі қара, 1073 ұсақ мал сойылып, әлеуметтік аз қамтылған 4803 отбасыға сол құрбандық еттері үлестірілді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі