Құрбан айт құрметіне

Құрбан айт құрметіне

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы «Жәми» мешітінде құрбан айт мейрамы ерекше аталып өтті. Таң азаңмен мешітке жан-жақтан ағылып жатқан қала тұрғындарында есеп жоқ. Бір-бірімен сәлемдесіп, төс қағыстырып, құшақтасып жатқан жамағат. Қай-қайсысына қарасаңыз да жүздері жарқын, көңілдері шат.

Жиналған жұртшылықты «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Үрпеков құрбан айт  мейрамымен құттықтап, отбасыларына амандық, халықтың ауыз бірлігін тіледі. Құрбан айт тарихы мен құрбан шалу жайлы уағыз айтып, айт намазының оқылу тәртібін жиналған жамағатқа кеңінен түсіндірді. Бұдан соң сөз алған Шу қаласының әкімі Бақытжан Тұрғынбаев көпшілікті құрбан айт мейрамымен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

Айт намазынан соң Құрбан айт құрметіне мешіт ауласында спорттық ойындар ұйымдастырылып, қол күресімен қатар, қой көтеруден де күш сынасы болды. Ең әуелі қол күресуден сынға түскен тұрғындар жас ерекшеліктеріне қарамастан белсенділік танытты. Бұл додаға қатысқан 26 адамның ішінен Қонаев ауылының тұрғыны Ильяс Тагиров қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жүлдеге тігілген қойды қанжығасына байлап қайтты. Биылғы жылы қаладағы құрбан айт мейрамын атап өтудегі ерекшеліктердің бірі – қой көтеру сайысы еді. Көпшіліктің делебесін қоздырған бұл сайыста бақтарын сынау үшін 20-дан аса тұрғын ортаға шықты. Озып шыққан жаста болса мықтылығын бацқатқан қала тұрғыны Асылбек МАткерімов 35-келі қойды 85 рет көтеріп, ешкімді шаңына ілестірмей, қойды қанжығасына байлады. Шарт бойынша қойды кім көп көтерсе, соның олжасы болатын. Осылайша, үздік деп танылған екі азамат жүлдеге тігілген екі қой мен арнайы кубокты еншілеп қайтты.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: