Қала имамдары мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларға жасалған қайырымдылыққа сеп болды

Қала имамдары мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларға жасалған қайырымдылыққа сеп болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт - бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Бұл күндері мұсылмандар қайырлы, ізгі амалдар арқылы Жаратушыға жақындайды.

Құрбан айт мерекесінде Тараз қаласы «әр-Рахман әр-Рохим» мешітінің имамы Миразизов Нурматжанның ұйытқы болуымен кәсіпкер азамат Закиров Шәкәрім мырза мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетім балаларға айт дастарханын жайды.

Жиында Тараз қалалық мешіттерінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы сөз сөйлеп, қаламыздың «ерекше балаларын» мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, «әр-Рахман әр-Рохим» мешітінің имамы Миразизов Нурматжан балаларды айт мерекесімен құттықтап, тілектерін арнады.

Шарада әртүрлі ойындар ұйымдастырылып, балалар уақыттарын жақсы көңіл-күймен өткізді.

 

 «Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: