Меркі ауданы: Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

Меркі ауданы: Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі мешіттерге «Құрбан айт» мерекесін мерекелеу тапсырмасына орай Меркі ауданында тапсырманы орындау барысында, біршама іс-шаралар өтті.

«Құрбан айт» мерекесінің қарсы алдында, ауыл имам-молдалары жиналып, бас муфтидің тапсырмасын жүзеге асыру барысында, мешіттерде тазалық жұмыстарын жүргізу, айт намазында жамағаттарға жағдай жасау, әжетхананы, дәретхананы керек жабдықтармен жабдықтау, жылы, суық су болу керектігі айтылды. Айт намазына келген және құрбан етін тарату кезінде мешіт қызметкерлері келгендерге жылы шырай көрсетіп, сабырлы және көркем мінез таныту керек, ешқандай дөрекі сөз, қылық көрсетілмесін. Осындай тапсырманы ауданның бас имамы Қасымалиев Батырбек қажы әріптестеріне қатаң ескертіп тапсырма берді.

Ауданға қарасты елді мекендегі мешіттерде бір мезгілде сағат 7.30-да айт намазы оқылды.

Аудандық «Меркі ата» мешітінде айт намазынан кейін, аулаға жайылған құрбан айт мерекелік дастарханынан айт намазына келген жамағат қазақи ұлттық дастархан – тоқаш, құрт, ірімшік, тәтті тағамдардан дәм татып ықылас ниеттерін білдіріп тарасты.

Құрбан шалу барысында аудан әкімі Азатұлы Мейірхан бауырымыз бірінші болып Құрбан малын шалды. Құрбан шалу ары қарай жалғасып, түс ауа жағдайы төмен саналатын 30 отбасыға құрбан еті таратылды.

Құрбан айттың бірінші күні Құрбан етінен ас даярланып көпшілік қауымға ас берілді.

Мерекенің екінші күні мүмкіндігі шектеулі мүгедек топтағы жас балаларға арнап, аудандық спорт мектебінің түлектері өз өнерлерін: арқан тартыс, күрес, гир көтеру, асық ойнау, ұлттық ойындарын жиналған қауымға тарту етті. Өнер көрсеткен мектеп түлектеріне және мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге барлығына дерлік сый-сыйапат көрсетілді. Ата-аналарымен келген жас сәбилер, өнерлі жас түлектер мешіт асханасында «Құрбан» етінен даярланған мерекелік дастарханда бас қосып, дәм татып, соңынан құран оқылып, дұға жасалып тарқасты.

Құрбан айт мерекесінің үшінші күні жалғасып құрбан мал еті, қалған жағдайы төмен жандарға азық-түлік алынып макарон, шәй, сұйық май берілді.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: