Қордай жұртшылығы үмбеттің ұлы күнін мерекеледі

Қордай жұртшылығы үмбеттің ұлы күнін мерекеледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемдердің Раббысы ұлық етіп бізге нәсіп еткен Құрбан айтта елімізіге жетті. Әлемдегі барша мұсылман осы мереке тағатсыздана, үміт пен үрейдің ортасында, жақсы ниеттермен, қуана күтіп жатты. Бұл мұсылмандардың, Мұхаммед Мұстафаның с.ғ.с үмбетін біріктіретін ұлық күн.

Таң намазынан бастап аудандық «Қордай» мешітіне жамағат ағыла бастады, мешіт лық толып, тіпті жиналған жұрт сыймай да жатты. Мінберге ауданның найб имамы А.Сатылғанов шығып құрбандық жайлы, құрбан айт жайлы әсерлі де әсем уағыз айтты. Айша анамыздан жеткен хадисте Алла елшісі с.ғ.с: «Бұл күнгі ең үлкен- құлшылық- ол құрбан шалу» -деген хадисіне сай намаз аяқталаса сала жиналған мұсылман жұрты арнайы дайындалған құрбан шалу орындарына шоғырланып өз құлшылықтарын жасап, құрбандарын шалып, Жаратушыдан дұға тілеп жатты.

Атап кетелік жайт аудандық «Қордай» мешіті аудан әкімшілігімен, аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, аудандық мүгедектер қоғамымен және ардагерлер кеңесімен бірігіп мұқтаж жандарға құрбандық малдарының еттірін таратуға әзірлік жасап, игі істі іске асырып мұқтаждарға қол ұшын созуда.

Құрбан шалумен қатар, жиналған қауым спорт ұйымдарын тамашалады. Жамағат арасында, қол күресі, асық ату, гір тасын көтеру  сайыстары өтті. Сайыстар қызықты өтіп, дәстүрмен сабақтаса түсті.

Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: