Шу ауданы: Құрбан айт – ұлық мереке

Шу ауданы: Құрбан айт – ұлық мереке

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жыл айналып, мұсылман қауымының қастерлі мерекесі – сағындырған Құрбан айт та келіп жетті. Шу аудандық «Төле би» орталық мешітіне таң намазынан халық жинала бастады, мешіт іші лық толып, тіпті жиналған жұрт сыймай да жатты. Ауданның бас имамы  Аят қажы Алмаханов мінберге шығып  Құрбандық және Құрбан айт жайлы әсерлі уағыз айтты.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің бастамасымен ауданымызда және ауданымызға қарасты ауылдық мешіттерінде Құрбан айт жоғары деңгейде өтті. Атап айтсақ, орталық алаңдар мен көпшілік жүретін жолдарда Құрбан айтқа байланысты баннерлер ілініп, жол жүруі тегін автобустар мен таксилер ұйымдастырылды, құрбандық малдары сойылып, мүмкіндігі шектеулі және мұқтаж отбасыларына құрбандық еттері таратылды.

Ауданымыздың бас имамы Аят Алмаханов, мешітке қадам басып келген жұртшылықты, қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, «еліміз аман жұртымыз тыныш, шалған құрбандықтарымыз, тілеген дұға тілектеріміз қабыл болып, келесі жылы осындай қасиетті Құрбан айтқа аман-есен отбасымызбен жетуімізді Алла нәсіп етсін», - деп батасын берді.

 

                            Шу аудандық «Төле би» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: