Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас муфтиі Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлының бастамасына сәйкес, «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажының ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесінің қарсаныңда, жағдайы төмен отбасы мен қамқоршысынан айырылған 20 оқушыны қуанту мақсатында жаңа оқу жылы қарсаңында оқуға қажетті дәптер, сызғыш, түрлі түсті қаламдар мен т.б. құрал-жабдықтар салынған сөмкелерді табыс етті.
Ата-аналар осы акцияны ұйымдастырған Байзақ ауданының бас имамы Рамиз қажыға алғыстарын айтып, қуанышты күйде мешіттен тарқасты.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Байзақ ауданының барлық мешіттерінде жалғасын табуда.