Байзақ ауданы: Құрбан айт мерекесі тойланды

Байзақ ауданы: Құрбан айт мерекесі тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде таңғы сағат жетіде айт намазы оқылды. Таң намазынан кейін «Байзақ баба» мешітінің найб имамы Каримбаев Айбек құрбандық жайлы уағыз айтты.

Айт намазы оқылып болған соң мешіт ауласында күрес, арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеруден спорттық сайыстар өткізілді. Жеңімпаздарға грамоталар мен ақшалай жүлделі сыйлықтар табыс етілді. Осындай іс шараларға тікелей мұрындық болған «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажыға ауыл ақсақалдары мен тұрғындары өз алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар, айт мерекесіне орай «Құрбан айт құтты болсын!» деген жазу жазылған банерлер ілініп, құттықтау қағаздары таратылды.     

ҚМДБ –ның  Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлының атынан және Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажының атынан «Құрбан айт құтты болсын!» деген тілекпен құттықтау қағаздары аудан басшылары мен құрметті азаматтарға таратылды.

Мешітте Құрбан айт мерекесіне  орай 3 ірі қара, 20 қой құрбандыққа шалынды. 1 ірі қара малды  аудан әкімі Рахматілдә Сегізбайұлы құрбандыққа шалу үшін мешітке әкеліп, құрбан айтпен құттықтады. Құрбандық еттері  теңдей бөлініп,  тұрмысы төмен отбасылары мен көпбалалы аналарға және де зағип жандарға түгелімен таратылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: