Т.Рысқұлов ауданы: Құрбан айт мерекесі аталып өтті

Т.Рысқұлов ауданы: Құрбан айт мерекесі аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күллі мұсылман баласы асыға күтетін қасиетті бұл күні үлкен де, кіші де ерте тұрып, жуынып-шайынып, үстіне таза киімдерін киіп, өздерін жаңа дүние есігін ашқандай сезінбек. Содан кейін Алланың жердегі үйі, қасиетті мекен — мешітке бағыт алып, айт намазына асығады.  Бүл мейрамға әр отбасы, әр аймақ өзінше дайындық жасайды. Т.Рысқұлов ауданының жұртшылығы да ұлық Құрбан айтты атап өтті.

Аудандық мешіттің  бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жақыпбекұлы айт намазы оқылмас бұрын Құрбан айттың қадір-қасиеті мен құрбан шалған мұсылманның алар сауабы жайында уағыз айтты. 

Уағыздан кейін мешітте айт намазы оқылып, мешіт ауласында құрбандық шалынды. Шалынған құрбандық еттері және макарондар  пакеттерге салынып тізім бойынша  мұқтаж жандарға таратылды. Сонымен  қатар аудандық мешіттің  жанына жеткіншек балаларға  тегін батут  қойылды.

Мереке соңы аудандық мешіттің ұйымдастыруымен жамағат арасында қазақша күрестен сайыс өтті.

 

Әбілда Мейірханов,

 әскери зейнеткер

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: