«Расында, мүміндер бір-біріне шынайы бауыр. Олай болса, (жүз шайысып, ат құйрығын кесіскен бауырларыңның арасын жарастырыңдар, сондай-ақ, (бауыр ақысына келгенде) Алладан қорқыңдар (һәм үкіміне қарсы келуден сақтаныңдар!) Міне, сонда Оның рақымына бөленерсіңдер!» («Хужурат» сүресі, 10-аят).
«Уа, иман еткендер! Егер Алланың (дініне) қолдау көрсетсеңдер, Алла тағала да сендерді қолдайды һәм аяқтарыңды тайдырмай (хақ жолда) нық басқызады» («Мұхаммед» сүресі, 7-аят).
«Сондай-ақ, Оның (құдіретінің шексіздігін көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі – оларға бауыр басып, жандарың жай тапсын деп, сендер үшін өз болмыстарыңнан жұбайлар жаратып, аралдарыңа сүйіспеншілік һәм мейірім сезімін ұялатқандығы. Міне, осының өзінде ақылға салып ойланатын қауым үшін анық дәлелдер мен талай ғибрат бар» («Рум» сүресі, 21-аят).
«Бір ауыз жылы сөз, біреудің айыбын жасыру һәм қатесін кешіру арты (қайыр-садақа алған адамды) ренжітуге ұласатын садақадан әлдеқайда қайырлы» («Бақара» сүресі, 263-аят).
«Рахманның хас құлдары жер бетінде сыпайылықтың шегінен аспайтын жандар. Оларға жөн білмес надандар тіл қатқанда, (наданмен надан болмай) оларға: «Аман болыңдар!», – деп өз жөніне кете барады» («Фурқан» сүресі, 63-аят).