Құранда аталған пайдасы мол жеміс

Құранда аталған пайдасы мол жеміс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранда адам денсаулығына аса пайдалы жемістер жайлы айтылған. Солардың бірі – анар. «Екеуінде де алуан түрлі жемістер, соның ішінде құрма мен анардың түр түрі бар» («Уақиға» сүресі, 68-аят).

Ал енді пайдасын атап айтсақ:

  1. Анардың құрамында 15 түрлі аминқышқылдар бар. Аминқышқылдар ағзамыздың жасушаларына жауапты.
  2. Көздің көру қабілетін жақсартады
  3. Асқорытуды жақсартып, токсиндерді шығарады, артық салмақтан арылуға көмектеседі
  4. Терінің әдемілігін сақтайды. Секпіл, қара дақ, безеулерді кетіреді, теріні ағартады, тазартады. Ол үшін қаймақтың аздаған мөлшерімен 1 шай қасық анар шырынын араластырып бетке жағып, 10 минут ұстайды.
  5. Қанайналымды, жүрек жұмысын жақсартады, ағзадағы холестеринді қалпына келтіріп, қан қысымын реттейді.
  6. Құрамында С, Е дәрумендері болғандықтан бұл жеміс керемет антиоксидант болып табылады, яғни ағзадан түрлі зиянды заттарды шығарып тастайды (радиация).
  7. Асқазан ауруларына, ангинада, қызыл иектің қанауында жақсы көмектеседі
  8. Қызуды түсіреді, иммуниетті нығайтып, тұмаудың алдын алады (әсіресе қыс мезгілінде күн сайын жеп тұрса).
  9. Ер адамдардың кейбір жыныстық ауруларын болдырмайды.
  10. Әйел ағзасы үшін де өте пайдалы: етеккір, климакс кезеңіндегі ауырсынуларды басады, гормоналды күйді қалпына келтіреді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: