Біздің ертеңгі көңіл-күйіміз, жұмысымыздың өнімділігі бүгінгі ұйқымызға, дұрыс тынығуымызға да байланысты. Ал мына іс-әрекеттер дұрыс ұйықтауымызға кедергі келтіріп, денсаулығымызға да зиянын тигізеді. Сондықтан жатар алдында:
- Тойып тамақтанбаңыз. Кешкі асты ұйқыдан 3-4 сағат бұрын ішкен дұрыс.
- Кофе, ащы шай ішпеңіз.
- Телефон, смартфон, телевизор, ноутбук сияқты техникаларға үңілмеңіз және телефоныңызды қасыңызға алып жатпаңыз.
- Дәретсіз жатпаңыз. Ұйықтар алдында жуыну, тіс тазалау, кітап оқу ағзаны тынықтырып, жақсы ұйықтап, таңертең жылдам әрі сергек оянуыңызға көмектеседі.
- Ұйықтар алдындағы сүрелер мен дұғаларды оқымай жатпаңыз.
asylsoz.kz