Мүгедек жандар мен тұрмысы төмен отбасыларға пітір таратылды

Мүгедек жандар мен тұрмысы төмен отбасыларға пітір таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің ұжымы «Нұр қайырым» мүгедектер қоғамына барып, мүмкіндігі шектеулі жандарға пітір таратты.

Бас имам Жұмағұл Қанат Әділханұлы мүгедек жандарға Алла Тағала барша адамзаттың жүрегі мен амал-әрекеттеріне қарайтынын жеткізіп, ішкі жандүние мен сыртқы амалымызға мән беру қажеттігіне тоқталды. Басқосудың соңында аталмыш қағымдық бірлестіктің басшысы мешіт ұжымына өзінің және осындағы мүгедектердің атынан алғысын білдірді.

Сондай-ақ, мешіттің өзінде тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық жасалды. Жиында мешіт Бас имамы мұсылманның өмірдегі қиындықтарына мойымай, сабыр мен намаз арқылы Алладан жәрдем сұрау керек екенін тілге тиек етті.

Жиын соңында Жұмағұл Қанат имам елдің амандығын тілеп дұға жасады.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: