Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітіндегі әйелдер-қыздар секторы ұстаздарының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналып ауызашар берілді. Мешіт шәкірттері мен демеушілер қолдауымен өткен шараның Алла Тағала тарапынан қабыл болуын тілейміз.
70 адамға арнап жайылған дастарханға, мешіт шәкірттері мен қала тұрғындары, көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасынан қонақтар бас қосты.
Дін істер басқармасының психолог маманы «Рамазан - психологиялық, материалдық ынталануымызға қажетті прогресс» атты тренинг жүргізді. Мешіт ұстазы Қолағұлова Жібек шәкірттерге түрлі діни сұрақтар қойып, сыйлықтар табыстады. Жиылған жамағат жиын соңында өз алғыстарын білдіріп, тарауих намазына бет алды.
Алла амалдарымызды қабыл етсін, қолдаушы және ұйымдастырушыларға береке берсін деген тілектеміз.
«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі