«Һибатулла Тарази» мешіті мен «Зекет» қоры қайырымдылық шарасын өткізді

«Һибатулла Тарази» мешіті мен «Зекет» қоры қайырымдылық шарасын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен және «Зекет» қорын өкілдігінің қолдауымен «Һибатулла Тарази» мешітінде  «Рамазаннан қайырым» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Бірлесе атқарылған бұл іс-шара барысында Тараз қаласындағы мүгедек және әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасына азық-түлік және қаржылай көмек көрсетілді. Көмек алушыларға орталық мешіттің бас имамы Данияр Жұмабаев Рамазан айының қадірі мен қасиеті туралы арнайы уағыз айтты.

Көмек алған азаматтар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

 

 «Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: