Алланың үйінде аз қамтылған отбасыларға ауызашар берілді

Алланың үйінде аз қамтылған отбасыларға ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлының биылғы жылды «Ислам және отбасы» жылы деп белгілеуіне орай, Рамазан айында Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ауызашар берілді.

Муфтиятымыздың отбасы мәселесіне көңіл бөлуі өте орынды. Өйткені, отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.

Мешіттің бас имамы Жұмағұл Қанат келген отбасылар мен жамағатты Рамазан айымен құттықтап, адал ас туралы уағыз айтты. «Асымыз денсаулыққа пайдалы, құнарлы болуымен қатар адал болуы тиіс», - деді имам.

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: