Қасиетті кітаптар алдындығы мүмин кісінің міндеті

Қасиетті кітаптар алдындығы мүмин кісінің міндеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі кезде елімізге түрлі дін өкілдері келіп өз дін- дерін уағыздап, кітаптарын тегін таратып жатыр. Әсіресе «Киелі кітап», «Інжіл шариф» сынды кітаптар көптеп таратылуда. Осындай жағдайда мұсылман кісі не істеуі қажет деген сауал туады.

Себебі, Інжіл, Таурат, Забур - Алладан түскен иләһи кітаптар. Бұл кітаптарды түбегейлі дұрыс емес деп айта алмаймыз. Ендеше дұрыс жолды ұстануға әрекет, амал жасап, ол кітаптардың мазмұнына талдау жүргізіп, ой елегінен өткізейік:

1. Құран мен хадисте ашық түрде айтылған қандай да бір мәселе ол кітаптарда айтылса дұрыс деп есеп- тейміз. Мысалы, Аллаһтың бірлігі, жәннат-тозақтың болатындығы, Хазіреті Адамның топырақтан жараты- луы, Хазіреті Иса, Хазіреті Мұсаның пайғамбар екен- дігі секілді мәселелерді растаймыз. Бірақ біз ол кітап- тарда айтылған жолмен емес, Құранның, Хазіреті Пайғамбардың нұсқаған жолымен жүреміз.

2. Құран мен хадисте ашық түрде тыйым салынған мәселелерге қайшы келетін мәліметтерін жоққа шығарып,  әсте қабыл етпейміз. Мысалы, үштік сенім, Хазіреті Иса, Хазіреті Узейр Алланың ұлы, періштелер Алланың қыздары, Лұт өзінің қыздарымен зина жасады деген секіл- ді жағдаяттар ислами сенім тұрғысынан алғанда тіпті күпірлік болып табылады.

3. Егер аят пен хадистерде айтылмағанмен исла- ми сенім, ғибадат және ахлақтық негіздеріне қайшы келмесе, ондай жағдайда бірден төрелігін айтуға ты- рыспай, абзалын бір Алла Тағала біледі деген дұрыс. Мәселен, Хазіреті Адам жәннатта қандай жеміс жегендігі, пайғамбарлардың қанша жыл өмір сүргендігі, жәннат яки тозақ жайында айтылған сипаттамалар осыларға жатады.

Егер мұндай мәліметті растасақ, шындығында ондай мәліметтер түпнұсқада болмаған болса, жалғаншы бола- мыз. Жоққа шығарсақ, егер ол мәлімет түпнұсқада бар болған болса, бар нәрсені жоқ деумен күнәһар боламыз.

Сол үшін мына хадисте ескертілгендей бұл мәселелерде орта жолды ұстанған абзал: «Әһли кітап сіздерге қандай да бір нәрсе жеткізетін болса, оларды растамаңыздар да, жалғанға шығармаңыздар да» (Бурахи, Шахадат 29).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: