Бұл туралы да ғалымдар арасында екі көзқарас бар. Бірінші: Ханафилар және Шафиғилардың жаңа көзқарасы һәм Маликилердің кейбір көзқарасы және Ханбалилердің мықты көзқарасына қарай мас адамның талақ етуі жарамды болып саналады. Бірақ мастықтың мүбаһ адал жолмен болмауы керек.
Дәлел: Аятта: «Талақ – екеу». «Ері әйелін (үшінші мәрте) талақ етсе, әйелі оған басқа бір ермен үйленбейінше адал болмайды». Осы аяттарда мастық туралы сөз болмаған. Хадисте: «Кішкентай бала мен ақыл-есі жарымнан тыс барлық талақ жарамды».
Басқа бір аятта да: ُوا ْ َلم َع ى ت َّ َ َى حت ُ َكار ْ س ُم ْت َن َ أ ُ َّ وا الصاَلَة و ب َ َ ْقر ُ اَ وا ل ت َن َّ ِذ َ ين آم َا ال ه ُّ َي َا أ ي َُق ُول َون َا ت م «Мас болып тұрғандарыңда өздеріңнің не деп тұр- ғандарыңды білгенге дейін намазға жақындамаңдар», – дейді.
Осы аятта мас адам сөз етіліп, олардың діни әмір мен тыйымдарға мойынсұну міндетті екендіктері ишарат етілген. Ендеше, мас адамның талағы жарамды. Мас болудың екі түрі бар.
1. Мүбаһ, адал бір тамақты жеуден, яки сусынды ішуден мас болып не болмаса мас қылатын нәрсені зорлықпен, яки қорқытылып ішіп мас болып талақ ететін болса жарам- сыз болады. Бұл тұрғыда мәзһабтардың ауызбірлігі бар. Мысалы, тым көп бал жеу яки кейбір жемістен жасалған сусынды ішу арқылы мас болу осыған жатады.
2. Харам етілген бір сұйық затты ішіп мас болу. Шарап, арақ, коньяк, сыра, т.б яки анаша тәрізді нәрселерді пайда- ланып мас болып, талақ ететін болса бұл жарамды болады. Мысалы, мас адам біреудің малын ұрласа яки біреуге тіл тигізсе, заң алдында жауап береді. Оның мастығына қарамайды. Ендеше, мас адамның әйелін талақ етуі де дәл осылай жарамды болмақ. Мастың бұл іс-әрекетінен жауапты болуы «қылмыс өзге қылмысты заңды ете алмайды» ұстанымына сүйенеді. Мастық күнә саналғандықтан үзір болып табылмайды. Мас адамның күпір сөз айтуы оны діннен шығармайды.
Екінші: Мастың талақ етуін жарамсыз санағандардың дәлелі. Хазіреті Оспан, Омар ибн Абдулазиз, Ханафилерден Зүфәр, Тахауи және Кәрхия, сондай-ақ Имам Шафиғи мен Ахмед ибн Ханбалдан жеткен кейбір деректеріне көз салатын болсақ, мас адамның талағы жарамсыз болып табылады. Олар былайша дәлел келтіреді.
Мастық ақыл мен ерікті жоқ қылады. Сондықтан бұл ақыл-есі жарым адамға ұқсайды. Ақыл-есі кем, кішкентай баланың және адал жолмен мас болған адамның талағының жарамсыз болуының сыры олардың ақыл-есі толық орнында болмауынан туындайды. Ендеше, мастық да дәл осылай. Оның үстіне мас адам күпір сөз айту арқылы діннен шықпайтын болса оның талағы да жарамсыз болуы керек. Басқа бір дәлел Майыздың оқиғасы.
Майыз Пайғамбарымызға келіп өзінің зина жасағанын айтып мойындағанда Алла елшісі сахабаларға қарап: Майыздың мастығын тексеріңдер деп бұйрық береді. Егер ол сөзін мастықпен айтқан болса онда ол жауапты болмай, сөзі жарамсыз саналатын еді. Ендеше, осы хадис мастың жасаған сөзі мен іс-әрекетіне жауапты еместігін көрсетеді.
Османлы мемлекетінің де заңында осы көзқарасты негізге алып: «Мастың талағы жарамсыз»,- деп жазылған. Касани, сол жерде. Иә, мұсылманға арақ-шарап мәңгілік харам. Оны ішкен адам үлкен орны толмас күнәға батады.
Арақ-шарап ішкен адам өзіне де, отбасына да, тіпті қоғамға да көп зиянын тигізеді. Сөйте тұра әзәзілдің құрығына ілініп, шарап ішіп, мас болып, әйелін талақ ететін болса, онда оның сол сөзді ақыл-есі орнында болып, әлде есін білмей айтқандығын есепке алып соған қарап пәтуа беру абзал болуы мүмкін. Әсіресе бұл жағдай дінге енді ғана бет бұрып келе жатқан қазақ халқында жиі кездеседі.
Осылай болса иманы жаңа ғана толысып, дінін бірте-бірте үйреніп келе жатқан халыққа екінші көзқарасты ұстану ең азбалы болса керек.