Ардақты пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір са- парда ат басын тежеп, достарымен бірге көліктерінен түсер-түспес жүктерін жерге қойысты.
Жолсоқты боп қарын ашқандықтан бір қой сойып жеуге ақылдасты. Бар жұмысты әркім өзара бөлісе бастады. Біреуі: – Қойды мен сояйын, – деді. Екіншісі: – Терісін мен сыпырайын, – деді. Үшіншісі: – Ет пісіру менің мойнымда болсын, – деді.
Сол кезде Пайғамбарымыз да: – Шөлден отын жинап қайтуға мен барайын, – деді. Бұны естігенде сахабалардың бәрі әбігерленіп: – Уа, Алланың құрметті елшісі! Еш әуре болмастан сіз көлеңкеде сәл тыныға тұрыңыз. Біз өзіміз-ақ бәрін қуана-қуана істейміз, – десті.
Сонда Пайғамбарымыз: – Иә, бұл жұмыстарды мен сендердің өздерің-ақ істей алатындарыңды білем, алай- да Алла тағала қандай да бір құлдың өзін өзгелерден артық сезініп дос-жарандарынан бөлек отырғанын ұнатпайды, – деп жауап берген еді. Сөйтті де, шөлге барып бір құшақ отын теріп әкелді...
Бұл Алла елшісінің сөзі мен ісі тең, турашыл сипатының қарапайым ғана бір көрінісі.