Ер кісілердің киіміне ұқсамауы тиіс...

Ер кісілердің киіміне ұқсамауы тиіс...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала әйел мен еркекті өзіндік ерекшеліктерімен жаратқан. Ислам киімде және қоғамдық қарым‑қатынаста осы жаратылысқа лайық түрде негіздер қойған.

Сәндену, әсем киімдер киіну оның рухында бар. Сондықтан олардың орану түрлері де басқа. Сырттай қараған адамдар кімнің ер кісі, кімнің әйел екендігін киіміне қарай ажыратады. Болмаса еркек секілді киінген әйел, әйел сияқты киінген еркектер шығып, бұл олардың рухтарының бұзылуына әкеліп соғады.

Алла елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм) киім мен дене яки іс‑әрекеттерімен ер кісіге ұқсауға тырысқан әйелге және әйелге ұқсауға тырысқан ер кісіге лағынет айтқан. Хадисте былай айтылады: «Әйелдерден ерлерге ұқсағандар мен ерлерден де әйелдерге ұқсағандар бізден емес».

Абдуллаһ ибн Аббастан: «Пайғамбар ер адамға ұқсауға тырысқан әйелдер мен әйелге ұқсауға тырысқан ерлерге лағынет айтты және «оларды үйлеріңнен шығарыңдар»,- деді».

Басқа бір хадисте Алла елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Үш адам бар. Олар жаннатқа кіре алмайды және қиямет күні Алла оларға рақым назарымен қарамайды. Олар: Ата‑анасын тыңдамаған адам, еркектерге ұқсауға тырысқан әйел және әйелін қызғанбаған ер».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: