Жұбайының кемшіліктерін тіміскілеп, айыбын бетіне баспа

Жұбайының кемшіліктерін тіміскілеп, айыбын бетіне баспа

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отағасы жөн-жосықсыз жұбайы жайлы жаман ойға барудан сақтанғаны дұрыс. Іргені ірітуге бейім Ібіліс көп адамның осы бір мінезін пайдаланып, ерлі-зайыптылар арасына от салып жатады.

Құран кəрім: َولا َ َّس ُسوا َج ت إِث َ الظ ٌم ْ ِن َّ َبْعض ّ الظ َّإِن َ ِن َّ ك َّن ِم ّ ث َ ا ْجت یًرا ِ نَ ُو ن َآم ُبوا ِ ال ا أ ی َن ِذَّ َ یَها َیا ُّ «Уа, иман келтіргендер, ойлардың көбінен сақ болыңдар. Өйткені кейбір ойлар (өзгелер туралы жаман ойлар) күнə болып табылады. Біріңді-бірің аңдымаңдар»[96], – деп мұсылмандарға ескерту жасайды. Пайғамбарымыз да (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бір хадисінде «Отағасы жұбайын негізсізден-негізсіз кінəламасын. Сыртынан тексеріп, тіміскілемесін»[97] – деп, ерлі-зайыптылардың арасын бұзып, отбасының берекесін қашыратын əрекеттерден аулақ болу үшін отағасына арнайы ескерту жасаған. Əрине, адам баласы кемшіліксіз болмайды.

Еркектің де өз кемшіліктері бар. Сондықтан отағасы бəйбішесінің түкке тұрғысыз қателіктерін бетіне баса бермеуі керек. Əйелінің ісі мен бойынан мін іздегенше, өзінің де кемшін тұстарын есіне түсіріп, еркекке лайық байсалдылықпен шаңырағына тіреу болса, отбасы, ошақ қасы үшін одан артық қандай бақыт бар?!

«Сүйкімің жоқ», «Қайбір істі қарық қылып едің?» деп, əйелдің əрбір шалыс басқан қадамын қазбалап, жалпақ жұрттың көзінше түйеден түскендей əңгімелерді айтып отырсаңыз, бұл қайсыбір əйелге ұнай қойсын? Əйел табиғатына мұндай сөздер тіптен жат. Ол жараны асқындырмаса, емдемесі анық.

Сондықтан жұбайына əрдайым ілтипат жасап тұру отбасы ынтымағы мен берекесін баянды етеді. Əйел адам жаратылысындағы нəзіктігіне сай өзіне көңіл бөліп, мəн берілгенін қалайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):

ال َبْیت ْ إِلا ِفي ِ ت َّ َولا ْهُجْر َ ت َ قُ َولا ِّب ْح َ ال َ َو ْجه ْ َولا ِ ِب َ ْضر ت َ اك َ َ ْیت َس ت ْ إِذ َ َ َوت ا ْسك َ ط ُ َو َها ْت ِعم َ إِذ َ َ ُط ت ا أ ا َ َه ِعم ْ ْن َ

«Жегендеріңді оларға да жегізіңдер, өздеріңе киім алғанда оларды да киіндіріңдер. Беттерінен ұрмаңдар. Балағаттап қатты ұрыспаңдар. Жаза қолданар болсаңдар, олардан бөлек жатыңдар, (жазалаймын деп) үйден кетіп қалмаңдар»[98] – деп, əйелге жақсы қарауды бұйырады. Көре білсеңіз, əйелдің бір басынан қаншама жақсылықты табуға болады.

Қит етсе қателігін тауып, түймедейді түйедей етудің қажеті шамалы. Мысалы, дəмсіз пісірілген тамақ үшін əйеліне қабағын түйіп, қырып-жойып жіберуге дайын тұратын ер кісілер болады. Олар мына бір оқиғадан үлгі алғаны жөн. Бірде сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) жұбайларының бірінен «Тамақ істедің бе?» деп сұрайды. Жұбайы «Жоқ» дейді. «Тіске басар еш нəрсе жоқ па?» деп, жай ғана қайта сұрайды. «Бір тілім нан мен тұз бар» деп жауап береді анамыз. «Тұз деген керемет тамақ емес пе? Қане əкел» деп, қара нанды тұзға батырып жеген екен.

Ұлық Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) барға қанағат ететін. Оның үмбетіміз деген мұсылмандар да бұдан үлгі алуы керек. Біз мұның бəрін еркек кінділіктерге арнап айтқанымызбен, олардың осындай жайдары мінезге ие болуына шаңырақтың ұйытқысы бəйбішенің тигізер септігі ерекше.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: