Жүрегінде иманы бар жар

Жүрегінде иманы бар жар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қыз бен жігіт өзіне болашақ жар таңдағанда, ең бірінші жүрегі мен ақыл-ойы иман нұрымен шуақтанған жанды іздеуі тиіс. Бұл Алла тағаланың əмірі. Құранда бұл турасында:

َحت َّى ال ُمش ْ ِرك ْ ت ی َن ِ أ َو َلا ُ وا ِح نك ُ َ ْع َجَبت ك ْ ْم ُ ل مش َو ْو َ ُّ ِرك ْ مؤ ْیٌر َخ ّن ِم ٍة َ ُّ ن ْ ِم ة َ لأ ٌ َ َ َمة َحت ْ ِمَّن ُیؤ َو ٌ َّى ال ُمش ْ ِرك ْ ات َ ت ِ َو َلا ُ وا ِح نك َ ِبِإذ ال ِ ِهن ْ َمغ ْ َ ة ِفر ْ ال َو ِ ْ َجن إِل ِة َّ االله َیْدُعو ى َ َّ ُ الن َو إِل اِر َّ َیْدُعون ى َ أ َ ُ ول ِك ئ َ أ ْع َجَبك َ ْم ُ ل مش َو ْو َ ُّ ِرك ْ مؤ ْیٌر َخ ّن ِم ٍ ل ْ ِمٌن ُّ ُو ن ْ ِم ُیؤ َو ٌ َعْبد َ ا َیت ذ َ ك َ ُرون َّ ل َ َ َعل ل ُهْم َّ لن ِ ُِّین ِ ِه آَیات ا ِس َّ َو ُیَب

«Иманға келмейінше мүшрік əйелдерге үйленбеңдер. Шындап келгенде, мүмін күң өздеріңе ұнайтын басы азат мүшрік əйелден əлдеқайда қайырлы. Сондай-ақ, иманға келмейінше мүшрік ерлерге мүмін əйелдерді бермеңдер. Шынтуайтында, мүмін құл өздеріңе ұнайтын басы азат мүшріктен əлдеқайда қайырлы. Өйткені мүшріктер сендерді тозаққа шақырады.

Алла тағала болса, Өзінің қалауымен жұмаққа жəне кеңшілігіне шақырады. Һəм адамдарға ойланып-толғансын, ғибрат алсын деп аяттарын ашып түсіндіреді»[9], – делінген. Құран кəрім адамзат баласының екі дүние бақыты үшін түсірілген. Демек, қамшының сабындай қысқа осы өмір мен мəңгілік мекені болып саналатын ақыретте адамның бақытты болуы үшін иманды жарды таңдауы қажет. Өнегелі өмірдің жарқын үлгісін адамзатқа танытқан Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) да: َ

یَداك َ ِ َبت َر ت ِبذ الِّدی ِن ْ ات َ ف ِ اظ َ ْ َر ف ِمل َو َح َسِبَها َو َا ِه َجَمال َو َا ِه ین ِد ْ َ ِلأ َا ِه ال ٍ ْرَبع َ ال َمْر ْ أ َ ة ت ُ نُ َحك ْ ُ

«Əйел байлығына, шыққан тегіне, көркіне жəне діндарлығына қарай таңдалады. Сен діндарын таңда, сонда бақыт табасың»[10], – деу арқылы жар таңдауда ең бірінші имандылыққа басты назар аударуды өсиет еткен. Себебі адамның сұлулығы мен дүние-мүлкі өткінші.

Шын байлық – ішкі жан дүниенің сұлулығы. Ал ішкі жан дүниенің сұлулығы – иманның жемісі. Құран кəрім иманды ерлі-зайыптылар жайлы былай дейді:

ال َّصاِبِرین َو ِق ال َّصاد َو َ ات َ ال َو ی َن ِ ِق ال َّصاد َو ِ ْ ق ان َ تِ ات َ ال َو ِ ْ ق ان َ تِ ال َو ی َن ِ ن ْ ِم ُمؤ ْ ات َ ال َو ِ ن ْ ِم ُمؤ ْ ال َو ی َن ِ ُمْس ْ ِمل ات َ ال َو ِ ُمْس ْ َّإِن ی َن ِ ِمل ف ال ُرو َجُهْم ُ ْ ِم ال َّصائ َو ی َن ِ ِظ َحاف ات َ ال َو ی َن ِ ِم ال َّصائ َو ِ ال َو َِّقا ِت َ د َص ت ُم ْ ال َو ِِّقی َن َ د َص ت ُم ْ َات ِع اش َخ ْ ال َو ِ ال َّصاِبَرات َو ی َن ِ ِع اش َخ ْ ِ َعظ أ اًیم ِ َ َّمغ َو ْجًرا َ ة ِفر ْ ل ً االله ُهم َ َّ ُ أ َ الذ َعَّد َ ات ِر اك َّ ك َو ِ ث َ االله یًرا ِ َّ َ الذ ِ ین ِر اك َّ ال َو َ ْ ِظ َحاف ات َ َو ِ

«Мұсылман ер кісілер, мұсылман əйелдер, мүмін ер кісілер, мүмін əйелдер, Аллаға толық бойұсынған ер адамдар мен толық бойұсынған əйелдер, турашыл ер адамдар мен шыншыл əйелдер, сабырлы ер адамдар мен сабырлы əйелдер, Алладан шын қорқатын кішіпейіл ер кісілер мен кішіпейіл əйелдер, садақа беретін ерлер мен əйелдер, ораза ұстайтын ерлер мен əйелдер, ар-ұятын сақтаған ерлер мен ар-намысын қызғыштай қорыған əйелдер, Алланы үнемі еске алып, аузынан тастамайтын ерлер мен əйелдер, міне, Алла тағала осыларды жарылқап кешіреді əрі үлкен сый-сияпатқа бөлейді»[11].

Дінге берік, обал-сауапты білетін, құлшылығын жасайтын ерлі-зайыптылардың тілегі мен тірлігі жарасып, сөзі мен ісі көбіне бір үдеден шығып отырады. Олар қиындықтарға шыдамдылық танытып, күнəға жуымайды. Ар-ұятын қызғыштай қорып, күпірлікті тозаққа апарар жол деп біледі. Олардағы рухани қуат айналасындағыларға, бала-шағасына үлгі болады.

Алланы құрметтейтін, ақыретіне алаңдайтын, өз міндетін адал атқаруға тырысатын, ажалды үнемі қаперде ұстайтын ата-ананың балалары барлық жағынан өнегелі болып өседі. Ораза ұстап, намаз оқитын, парыздарын өтеп, харамнан бойын аулақ салатын əйел мен ер кісі тəрбиелі отбасын құрады. Ал тəрбиелі отбасылардан құралған қоғам бейбітшілік пен бақытқа бет түзейді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) келесі хадистерінде былай деген: ُط ت َو أ َّ َیُهن ِغ ْ أ ْن َ ْمَو َ ال ُهن ُ ف َّ ِلأ َعَسى َ ْمَو َ ِن ِه ال ت َ ا َء ِّس الن َّ نَ ُیْرد َو َلا ُ وا ِكح ْ أ َّ َیُهن ِ ُح ْسن ْن َ ُهن ُ ف َّ ِن ِه ُ ْسن ِح ل َعَسى َ ت َ ا َء ِّس الن َّ نَ َلا ُ وا ِكح ْ أ َ َ ل ْض ف ذ ی ٍن ِد ُ ات َ ْ ق َخر ُ َلأ ف َسْوَداُء اُء َ َ َ َمة َعل الِّدی ِن ٌ ان ى َ ُ و ُهن ِكح ْ َّ

«Əйелдерге сұлулықтарына қарап үйленбеңдер. Сұлулықтары оларды дандайсытуы мүмкін. Сондай-ақ, оларға байлықтарына бола үйленбеңдер. Байлығына мастанып азғындауы мүмкін. Сендер əйелдерге діндарлығына қарап үйленіңдер. Өйткені ұсқынсыз зəңгі болса да діндар күң жақсы»[12].

Жар таңдағанда болашақ жардың ең бірінші имандылығына қарау қажет. Себебі бұл Құран кəрімнің аятында айтылған. Одан кейінгі кезекте мына ерекшеліктерге назар аударған дұрыс.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: