«Әулие ата» мешітінде айлық дастархан жайылды

«Әулие ата» мешітінде айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық мешіттер арасындағы, айлық ауызашар дастарханы «Әулие ата» мешітінде жалғасын тапты. Мол жазылған дастархан басына қалалық мешіт имамдары мен мешіт жамағаты бас қосты.

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы сөз бастады. Ол көпшілікке Шағбан айындағы ораза қабыл болсын деген тілегін білдіріп, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бекітуімен биылғы 2018 жыл -  «Ислам және отбасы жылы» екенін айтып өтті. Имам отбасына көбірек көңіл бөлу керектігін, әр нәрсе отбасынан басталатынын, ұрпақтың жақсы болуы отбасында берілген тәрбиемен байланысты екенін еске салды. Осы мәселеге орай мына хадисті айтып өтті:

«Сендердің ең ардақтыларың − жарлары мен балаларына жақсы қарағандарың. Араларыңда жанұясына ең жақсы қарайтыны - менмін». Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әйелдеріне қол көтермеген, көпшілікте атын атап шақырмаған.

Кезекті ауызашарды ұйымдастырған «Әулие ата» мешітінің имамы Баймаханов Ораз осындай жиындардың мақсаты уағыз тыңдау арқылы иманымызды күшейту екенін айтып, уағызды  мына хадиспен жалғастырды:

Бір күні бір адам пайғамбарымыздан (с.ғ.с)  ең қайырлы амал қандай екенін сұрайды, сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Дастархан жайып тағам тарату және амандасу» деп жауап береді.

Осындай бейбіт күнде, кең дастарханда бас қосып отырғанымызға Аллаға шүкіршілік айтып, амандасу туралы сөз қозғады. Қазіргі кезде таныс адамдар арасында да амандасу азайып бара жатқанын, бұрынғы кездерде жастар қарияларға танымаса да барып амандасатынын, амандасу сыйластық белгісі және сауап амал екенін айтты. Көпшілікті дін мен дәстүрді ұстануға, кейінгі жастарға айтып жүруге насихаттады.

Жиын соңында Ораз имам келген жамағатқа, ауызашарды ұйымдастырушыларға разылығын білдірді.

 

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: