Ішімдікпен емделудің харамдығы

Ішімдікпен емделудің харамдығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Төрт мәзһаб имамдарының пәтуасына қарай ішімдіктің кез-келген түрлерімен емделу және осы мақсатта (майда, тағамда, бір дәріні ерітуде) пайдалану харам. Өйткені Алла елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Алла сендерге харам еткен нәрселерде шипа жаратқан емес», – дейді.

Бір кісі де Пайғамбарымызға «мен шарапты емдік мақсатта пайдаланып жүрмін» дегенде, ол: «Ол ем емес, керісінше дерт», – деп жауап береді.

Ханафилерде егер шипа беретіні айқын білінетін бол- са және оның орнына басқа бір дәрі болмайтын болса, онда спирт қосылған, яки спирт арқылы ерітілген дәріні пайдалануға болатыны айтылады. Бірақ, бұл әлбетте зәру жағдайда ғана.

Егер шипа болатыны күмәнді болса, онда болмайды. Сондай-ақ Шафиғилар да ішімдік бір дәрінің ішіне араласып жоғалмайтын болса және тек ішімдік болып тұрса ғана харамдығын алға тартқан. Яғни басқа дәрі болмаған жағдайда спирті еріп басқа нәрсеге айналған не- месе жоғалған дәріні пайдалануға болатынын айтады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: