Қайсыбір мұсылманға осынау құтты айдағы қайырлы істерден қапы қалуға болмайды. Сол игілікті істердің бастылары төмендегідей.
1. Оразаны шынайы ықыласпен лайықты түрде тұту.
2. Тарауық және тәһәжүд намаздарын оқу.
3. Құранды қайталап оқу.
4. Садақа беру.
5. Ауыз ашар жасау.
6. Ауызашарда дұға-тілек тілеу.
7. Мешітте иғтикәфке қалу.
8. Қадір түнін құлшылықпен өткізу.
9. Ата-ананы қадірлеу.
10. Соңғы онкүндікте ерекше ықыласпен құлшылық ету.
11. Сәреге тұрып, тамақтану.
12. Ауызашарды уақытынан кешіктірмеу.
13. Кеңпейіл болып, надандықтан алыстау.
14. Ұдайы дәретпен жүру.
15. Азан айтылса, қайталап, дұғасын оқу.
16. Күнделікті бес намазды уақытылы орындау.
17. Сүннет намаздарды тастамау.
18. Алла Тағаланы көп зікір ету.
19. Сәскедегі нәпіл намазды орындау.
20. Намаздардан кейінгі тәсбих, дұғаларды айту.
21. Әрдайым истиғфар дұғасын айту.
22. Күнә-қателіктерге тәубе жасау.
23. Жетім-жесірге қарайласу.
24. Тәкаппарлықтан тартыну.
25. Адамдардың арасын жарастыру.
26. Туыстық қатынасты үзбеу.
27. Мұсылмандарға сәлем беру.
28. Ұмраға бару. Пайғамбар (с.а.с.): «Рамазанда жасалынған ұмраның сауабы қажылықпен тең», – деген.
29. Пітір садақасын беру.
30. Ораза айтына лайықты дайындалу.