Өкіл имам Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды

Өкіл имам Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Апта басында Алматы қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен қасиетті Рамазан айы қарсаңында Төралқа мәжілісі өткен болатын. Отырыста бірнеше маңызды мәселелер қаралып, әр облыстың өкіл имамдарының бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды.

Өткен айда Астана қаласында Еуразия мұсылман ғұламаларының форуымының өтуі еліміздің мұсылман әлеміндегі мәртебесін арттыра түскені анық. Халықаралық маңызы бар тарихи басқосуда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бастамасы мен қазақ топырағынан шыққан әлемге әйгілі діни тұлғалардың еңбектері Еуразияның жиырмадан астам елінен келген танымал мұсылман ғұламаларының алдында насихатталған болатын.

Осы орайда асыл дініміздің абыройын асқақтатып, мемлекетіміздің мерейін арттырған Еуразиялық форумды ұйымдастыруға белсенді үлкес қосқаны үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы, қари Данияр қажы Әлимұхаммедұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың алғыс хатымен марапатталды.

«...Еуразиялық форумды ұйымдастыруға белсенді үлес қосқаныңыз үшін Сізге айрықша алғыс білдіремін. Алла Тағаладан деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға береке тілеймін», - деліген алғыс хатта.

Қашан да өз ісін жетік атқаратын Данияр қажы жалпақ жұрттың алдында өзінің білімділігі, адалдығы және мейрімді басшы болуымен танымал. Мешіт ұжымы атынан біз де құттықтап, толағай табыстар тілейміз!

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: