«Қарты бар үйдің-қазынасы бар», – деп, дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады», – деген қанатты сөздер бар. Өйткені, кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.
Үлкендерге құрмет көрсетуде сөзімен де, ісімен де өзгеге өнеге қалдырған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде: «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», – деген.
Жуырда «Көгершін» ауылдық мешітінің имамы Ерметов Қайрат қажының бастамасымен Көгершін ауылындағы қариялар Түркістан қаласының тарихи жерлеріне арнайысаяхат жасатып, барып келді. Қарттарымыздың алды тоқсанның төріне шыққандар. Әр қазақ «Төріңнен қарт кетпесін!», – деген ғибратты сөзін қашанда жадынан шығармағаны абзал.
Әбілда Мейірханов
зейнеткер