Бүгін Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінде барлық ауыл имам-молдаларының кезекті жиналыс өтті.
Мешіттің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы алда тұрған келелі міндеттерге тоқталып, рухани іс-шараларға көп көңіл бөлу қажет екенін баса айтты. Барлық ауылдарды аралап, ондағы жұмыс жағдайларымен танысуды жоспарға енгізген бас имам шәкірт оқытуға да жіті назар аударды. Сондай-ақ, әр мешіт ішкі тәртіпке сай жұмыс атқарып, ақпарат тақтасын жаңартып отыру мәселесін де күн тәртібіне қоюды тапсырды.
Джадраев Сұлтаншәріп қажы ауыл имам-молдаларының қызметін жақсарту мақсатында оларды белсенді түрде, тіпті бір-бірімен ізгі ниетте жарыса жұмыс істеуге шақырды.
Әбілда Мейірханов
зейнеткер