Еліміздің болашағы жастардың қолында десек, ұрпағымыз иманды ұл, ибалы қыз болып өссе, болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болары сөзсіз.
Кеше Ақпараттық түсіндіру тобы Т.Рысқұлов ауданына келіп, мешіт жамағатымен кездесу өткізді.
АТТ ауданымызға келудегі негізгі мақсаты - әр өңірде дәстүрлі дінімізді кеңінен насихаттау мен теріс пиғылды ағымдардың алдын алу, әрі жастарымызды имандылыққа тәрбиелеу.
Ақпарат түсіндіру тобына халық риза болып, алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын тапса деген өтініштерін білдірді.
Әбілда Мейірханов
зейнеткер