Бас мүфти: Мешітке ат беруде тәртіп қатаң сақталуы тиіс

Бас мүфти: Мешітке ат беруде тәртіп қатаң сақталуы тиіс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз осылай деді.

«Мешітке ат қоюдың өзіндік тәртібі мен ережесі қалыптасқан. Мешітке дін қайраткерлерінің, ғұлама-ғалымдардың, еліміздің игілігі жолында ерен еңбек еткен тұлғалардың, рухани-ағарту жұмысына сүбелі үлес қосқан ұлт мақтаныштарының, халықты қорғауда ерлікпен қаза тапқан соғыс ардагерлерінің, т.б. есімдері беріледі. Бұл талап қатаң сақталуы тиіс», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Төралқа мәжілісінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталып, 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған іс-шаралардың есебі тыңдалды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: