Иерусалим араб туризмінің астанасы болып танылды

Иерусалим араб туризмінің астанасы болып танылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Туризм және саяхат жөніндегі Араб агенттік қауымдастығы Иерусалимді араб туризмінің астанасы ретінде мойындады. Бұл жөніндегі шешім бірлестік саммитінің бірінде қабылданған болатын.

Қауымдастық басшысы Фахд әл-Фахидтің айтуына қарағанда, аталмыш шешім Иерусалимнің тарихи және діни маңыздылығын араб әлеміне паш ету және араб халқының бұл қаламен байланысын нығайтуды көздеуде.

Палестина билігі бұл шешімді өте жоғары бағалап отыр. Quds Press ресурсының мәлімдеуінше, Палестина туризм министрлігінде бұл қадамды «Америка президенті Дональд Трамптың АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіру шешіміне Араб мемлекеттерінің қарсылық танытудағы күш-жігері» деп бағалауда әрі аталмыш министрлік Араб елдері тұрғындарын Иерусалимге жиі келіп тұруға үндеуде.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: