Өзбекстанда Халықаралық Ислам академиясы мен Ғылыми хадис мектебі ашылады. Оқу орындары Ташкент ислам университеті негзінде құрылады. Академияда Ислам құқығы, халықаралық қатынастар, Ислам экономикасы мен қаржысы, сондай-ақ, араб, парсы, ағылшын, орыс, урду және түрік тілдері оқытылатын болады. Ғылыми хадис мектебінде өзбек дін мамандарының ғылыми мұрасын оқыту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, жарлыққа сай Өзбекстан мұсылмандары басқармасына қарасты «Уакуф» қайырымдылық қоры құрылады, өз кезегінде, аталмыш қор Исламның тарихи-сәулет ескерткіштерін қорғаумен және діни нысандарды қалпына келтірумен айналысатын болады.
Сондай-ақ, Өзбекстан үкіметіне қарасты Дін істері жөніндегі комитетте діни-әлеуметтік үдерісті зерттейтін Ақпараттық-талдау орталығы құрылмақшы. Бұл орталық ғаламтордағы діни әдебиеттерге талдау жасайтын болады, сонымен қатар, елдегі діни-әлеуметтік ахуалға кереғар әсер ететін факторларды анықтап, соларды жоюмен айналысатын болады.
asyldin.kz