Әлеуметтік желілерде Сауд Арабияда жуырда аяқталған Араб мемлекеттері лигасының 29-шы саммитінде түсірілген фотосуреттер кеңінен танымал бола бастады.
Жоғарыдағы фотосуретте отырғандар – бірлестік мүшелері-мемлекет басшылары, атап айтқанда, САК мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман, Бахрейн королі Хамад бин Иса әл-Халиф, Иордания королі Абдулла II, Мысыр президенті Абдел-Фаттах ас-Сиси, Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бин Зайед, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бин Рашид және басқалар.
Әлеуметтік желілер қолданушыларын таңғалдырған жайт – дастархан басында отырған саммитке қатысушылардың дәрежелеріне қарамастан, дастарханның қарапайым ғана жайылғандығы.
Ғаламтор қолданушыларының айтуынша, дастархан жабдығы корольдік деңгейде ерекшеленбей, керісінше, ас мәзірі күнделікті тағамдардан жасалған.
asyldin.kz