Жамбыл облысының өкіл имамы «Сарыағаш медресе-колледжінде»

Жамбыл облысының өкіл имамы «Сарыағаш медресе-колледжінде»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның  Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Әлимұхаммедұлы және «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстаздары «Сарыағаш медресе-колледжіне» іссапармен барып,  аталмыш медресенің директоры А.Смановпен, ұстаздарымен және медресені бітіруші шәкірттерімен кездесіп қайтты.

Медресе директоры мәртебелі қонақтарды медресе-колледждің ерлер және қыздар бөлімінің тыныс-тіршілігімен  таныстырды. Данияр қажы және «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстаздары жаңа ғимараттарды аралап, оқу ісі жоспары бағыты бойынша тәжірибе алмасты. Данияр қажы «Сарыағаш» медресе-колледжін биылғы жылы бітітерін түлектермен сұхбаттасып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі және қызмет бағытында қолдау көрсететіндігі туралы ізгі ниетін жеткізді.   

«Сарыағаш медресе-колледжі» жалпы 350 шәкіртке арналып салынған. Ескі ғимаратта 300-ге жуық шәкірт білім алуда. Жаңа медресе ғимараты заманауи стандартқа сай салынған. Іші толығымен дерлік жиһазбен жабдықталған. Шәкіттерге арналған жатақхана, асхана, қонақтарға арналған қонақ бөлмелері, арнайы жуынатын бөлмелері тағы бар.  Бұл білім ордасы елімізде дін саласының  үздік мамандарын даярлап келе жатқан діни медреселердің бірі.  

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: