Екі періштенің әңгімесі.

Екі періштенің әңгімесі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде екі періште жеті қат көктің төртінші қабатында кездесіп қалады. Бірі екіншісіне «Қайда кетіп барасың?» деп сұрайды.

Сонда әлгі періште: «Естіген жан қатты таңырқайтын бір іске кетіп барамын. Пәлен елде көз жұмғалы жатқан бір кәпір бар. Сол адам өлер алдында балыққа қатты құмартып, жегісі келді. Бірақ сол елдегі теңізде қармақ тастар балық жоқ. Сондықтан да Алла Тағала сол елдің адамдары балық ауласын деп басқа теңіздегі балықтарды сол аймаққа айдауды әмір етті. Өйткені әлгі адамның осы өмірде жасаған жақсылықтарының бәрінің қарымын Алла Тағала бұл дүниеде берді. Құдай Тағала оның бұл дүниеден ақыретке құр қол кетуі үшін ақырғы қалауын да беруді қалады» дейді.

Қасындағы періште де оған былай дейді: «Раббым мені де ғажайып бір іске жіберді. Пәлен елде салихалы бір адам бар еді. Бұл дүниеде жасаған күнәларының жазасын осы өмірде берді. Жақында көз жұмғалы жатыр. Ақтық сәтінде зәйтүн майын жегісі келіп, қатты аңсары ауды. Бірақ оның бір күнәсі бар болатын. Сол себепті Алла Тағала оның майдан мақрұм қалуы үшін маған оның құтыдағы зәйтүн майын төгіп жіберуімді әмір етті. Ол кісі осылайша ақырғы қалауына жете алмағандығы үшін оның соңғы күнәсін де Алла Тағала кешіріп, ақырет әлеміне таза болып кетуін қалады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: