«Жәми» мешітінде Құран хатым жасалды

«Жәми» мешітінде Құран хатым жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Һурайра (р.а) жеткізген хадисте: «Расулулла (с.ғ.с) : «Аллаһтың үйлерінің бірінде бас қосып, Құран оқып, оны өзара талқылап түсінуге тырысқан қауым жан тыныштығы мен Раббыларының шексіз мейіріміне бөленеді де, оларды періштелер айнала қоршап алады. Сондай-ақ, Алла тағала құзырындағыларға олар жайлы мақтау айтады»,-деп айтты»-делінген. (Муслим, зикр 38).

Қандай да  игі істі көпшілікпен, жамағатпен атқарсақ, ол істің берекелді әрі сауабы мол болатынына жоғарыдағы хадис дәлел. Сол сауаптан құр қалмау үшін бүгін Шу қалалық «Жәми» мешітінде жамбасы жерге тигелі артынан Құран бағышталмаған марқұмдардың әруақтарына  Құран бағышталып, хатым жасалды.

Мешітімізде  Құранға түскен шәкірттердің білімін шыңдау мақсатында, әр аптаның сенбі күні 20 аса шәкірт, ұстаздарымен қасиетті Құранды толық оқып, хатым дұғасын өткізіп тұру игі шарасы қолға алынды.   

Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: